Шарова Сауле Хамзеевна
- Еңбек өтілі: 1 жыл
Жетістіктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Опорный орта мектебі
Еңбек өтілі 19 жыл. I санатты педагог
2015жылы Республикалық «Дүниетану» пәнінен қашықтық жекепәндік блиц-турниріне оқушыларды дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2016 жылы Республикалық «Білімділер» порталына ақын-жазушылардың туындыларын енгізу, Алтын қорын жасақтау үшін Алғыс хат; 2017 жылы Республикалық «Бастауыш сыныптар» пәні бойынша ұйымдастырылған олимпиада жүлдегерлерін даярлағаны үшін Алғыс хат; 2017 жылы Республикалық әдістемелік сайтында байқауға оқушыларын белсенді қатыстырып,шығармашылық ұрпақ тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Алғыс хат; 2017 жылы Республикалық Бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиада орталығының Мақтау қағазымен марапатталды. 2017 жылы облыстық «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы ұйымдастыруымен «Жаратылыстану- математика және дүниетану» пәндерінен білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері атты семинарда Алғыс хатпен марапатталды. 2013 жылы Аудандық бастауыш сынып мұғалімдерінің семинарында «Негізгі және туынды сын есім› тақырыбында ашық сабақ өткізді. Республикалық «Бастауыш сыныптар» пәні бойынша қашықтық олимпиадаға қатысып «Тарым» білім орталығының I дәрежелі дипломы табысталды. 2018 жылы Аудандық бастауыш сынып мұғалімдерінің семинарында «Зат есімнің тәуелденуі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Шәкірттері 2015 жылы Республикалық қазақ тілі пәнінен қашықтық жеке пәндік блиц-турнирінің және аудандық «Бастау» математикалық турнирінің жүлдегерлері.