Шукеева Лайла Айтбековна

1370 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Сарысу ауданы Сарысу орта мектебі
Еңбек өтілі 28 жыл. Жоғарғы санатты педагог


2015 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Оқушыларды функционалдық сауаттылығын дамыту» әдістемелік байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2015 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алғыс хатымен марапатталды. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының алғыс хатымен марапатталды. Облыстық білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды. 2018 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің алғыс хатымен марапатталды. Облыстық «Еңбекші газеті» жинағының 2017 жылдың 25 желтоқсанындағы санына «Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер» тақырыбындағы ашық сабағы жарияланды. Республикалық «Асыл мұра» журналының 2017 жылдың ақпанындағы №1 санына «Жаңа технологияны меңгерудеміз» мақаласы жарияланды. Облыстық білім басқармасының «Тірек мектеп жағдайында білім беру сапасын қамтамасыз етуде оқу – тәрбие үдерісін технологияландырудың педагогикалық аспектілері» тақырыбындағы облыстық ғылыми – практикалық семинарының сертификаты берілді. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан «12 жылдық білім беруге көшу жағдайындағы менеджмент және көшбасшылық» атты облыстық оқыту семинарының сертификаты берілді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша курсын аяқтады. Шәкірттері 2015 жылы аудандық «Жас математик» байқауының және Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «ДАРЫН» республикалық ғылыми – практикалық орталығы «Ақ бота» интеллектуалдық марафондарының жүлдегерлері.