Шунеева Аширкуль Егембердикызы

395 место в рейтинге
  • Общий бал: 3
  • /
  • Проголосовало: 2

Жетістіктері

Қарағанды қаласы, №6 жалпы білім беретін орта мектебі
Еңбек өтілі 22 жыл. Жоғары санатты педагог

Қарағанды қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «ХVІ аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясының» практикалық бөлімінде панорамалық сабақ өткізіп, Грамотамен марапатталды. «Оқушы құзыреттілігін арттыру» атты қалалық семинарда «Күй құдіреті» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, Грамотамен марапатталды. Қарағанды қаласы білім бөлімі әдістемелік кеңесінде мақұлданып, «8-сыныпқа арналған жаттығулар жинағы» әдістемелік құралы жарық көрді. «11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» атты қала мұғалімдері арасында семинар өткізіп, Грамотамен марапатталды. «ҮІІ қалалық Қ. Бітібаева технологияларына құрылған панорамалық сабақтар» байқауын өткізуге қатысқаны үшін Алғыс хат берілді. Аймақтық ашық «Әдістемелік вернисаж» педагогикалық жұмыстар фестивалінің «Әдістемелік ұсыным» номинациясына ұсынған жұмыстары жинаққа енді. Аймақтық ашық «Әдістемелік вернисаж» педагогикалық жұмыстар фестивалінің «Әдістемелік ұсыным» номинациясына ұсынған жұмыстар үшін Мадақтама. Қарағанды қаласы «Біліктілікті арттыру курсы –үздіксіз кәсіби дамуға серпіліс» біліктілікті арттыру курс тыңдаушыларының эсселер жинағына «Сыни тұрғыдан оқыту бейімділігі қалыптасты» эссесі жарияланды. Республикалық «Алаш мұраты және Тәуелсіз Қазақстан» жинағына «Қазақтың Әлиханы» атты мақаласы енді. Қарағанды қаласы кәсіподақ ұйымының жұмысына белсене қатысқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. Республикалық «Тіл және әдебиет» журналының №3 санына «Сан есім, дара және күрделі сан есімдер» сабақ жоспары жарияланды. Республикалық «Тағылым» №16 журналына «Жүрегімнің түбіне терең бойла» сыныптан тыс ісшарасының бағдарламасы жарияланды. Қарағанды облысының тілдерді дамыту орталығы өткізген шығармалар байқауына ІІІ дәрежелі диплом жүлдегерін дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Білім беру саласының дамуына қосқан еңбегі үшін қалалық білім бөлімінің Грамотасымен марапатталды. «ІХ қалалық Қ. Бітібаева технологияларына құрылған панорамалық сабақтар» байқауына қатысып, І орын алды.