Шымирбекова Озипа Лесбековна

1374 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы Максим Горький орта мектебі
Еңбек өтілі 12 жыл. Жоғары санатты педагог
«Халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігі» халықаралық Ұстаздар Одағының мүшесі болып, төсбелгісімен марапатталған. 2013 жылы ІІІ Республикалық «Ұлағатты ұстаз» cабақ берудегі презентацияның қолданылуы номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы жылы «Стратегия-2050 бағытына сай ғылым мен білімдегі жастардың ролі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, сертификат иеленді. 2014 жылы Республикалық мұғалімдерге арналған қашықтық олимпиадасында ІІІ дәрежелі дипломмен, ІҮ республикалық «Ұлағатты ұстаз» әдістемелік жұмыстағы презентацияның қолданылуы номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2015 жылы облыстық «Оқытушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жолдары» және «Инновация, ізденіс және шешім» тақырыптарындағы ғылыми-әдістемелік семинарларға белсенділікпен қатысып, сертификат алды. 2016 жылы «Жаңартылған білім беру мазмұнында жаратылыстану- математика ғылымдарының ролі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинарда өз тәжірибесімен бөлісіп сертификат; «Бақыт! Табыс! Шеберлік!» атты облыстық семинар- тренингке қатысып сертификат алды. Облыстық «Көшбасшы мұғалім» газетінің №3 санында «Мектеп мерейі –дарынды бала мен шығармашыл ұстаз» атты мақаласы жарық көрсе, Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» ұйымдастырған «Ғылым және қоғам» мұғалімдердің ғылыми-практикалық конференциясында құнды баяндамасы үшін ІІ дәрежелі диплом иеленді. 2016 жылы IV Республикалық мұғалімдер арасында өткізілген олимпиадаға қашықтықтан қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2017 жылы Шымкент қаласында өткен республикалық «Дарынды және қабілетті балаларды анықтаудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинарда құнды баяндамасы үшін мадақтама грамотамен марапатталды. 2013-2014, 2014-2015 және 2015-2016 оқу жылындарында ҰБТ қорытындысы бойынша 100% білім сапасын көрсетті.