Шыныбаева Жазира Абеухановна
- Алматы қаласы
- Қазақстан инженерлі - педагогикалық халықтар дост
- Еңбек өтілі: более 5 лет
Жетістіктері
Шыныбаева Жазира Әбеуханқызы №179 бөбекжай - балабақшасында 2014 жылдан бастап жұмыс істеуде. Балалардың мәдени - гигеналық дағдыларын тәрбиелеу балалардың тілін дамытуда олардың салауатты өмір салтына білім, білік дағдыларын қалыптастыруына көңіл бөледі. Оқу-тәрбие үрдісіне арналған дидактикалық құралдары оқу - тәрбие бағдарламаның негізгі бөлімдер талаптарына сай жасалынды. Балабақшадағы жылдық оқу-тәрбие жоспарымен «Бәйтерек» ересек тобының жоспарында жоспарланған тақырыптарына сүйене күнделікті оқу-тәрбие құрамын жоспарлауда. Топта жасаған жағдайлары балалардың жас ерекшеліктері ескертіліп, мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестендірілген. «Денсаулық» әдістемелік бірлестігінің мүшесі. «Ұлттық ойындар және салт- дәстүрлер арқылы балаларды ұлттық мәдениетке тәрбиелеу» атты тақырыбында шығармашылық ізденісте. Ата-аналармен «ұлттық ойындар» атты сайыс өткізілді. Оқу жыл барысында «Сыйқырлы гүлдер», «Жабайы аңдар» атты ашық оқу іс-әрекетін көрсетті. Мерекелік ертеңгіліктер өткізді. «Ана деген әрбір үйдің жылуы», «Кел жаңа - жыл», «Желбіресін туымыз», «Наурыз-жыл басы», «Бесікке салу рәсімі». Мерекелік ертеңгіліктерде сомдаған рөлдері: «Кемпір». Көптеген ашық оқу іс - әрекеттерінің технологиялық карталары «Балабақша: тәрбиелеу және оқыту» журналында жарық көруде.
Балабақшаның қоғамдық өміріне белсенді қатысушы. Өз ісіне жауапты, балалармен қарым-қатынас жылы, мейірімді.