Жағалбайлы Райхан Оспанқызы
- Қарағанды облысы
- Қарағанды қаласы Орталық Қазақстан Академиясы
- Еңбек өтілі: более 5 лет
Жетістіктері
Мен, Жағалбайлы Райхан Оспанқызы, бастауыш сынып мұғалімі, 1970 жылы туғанмын, Қ.Шайменов атындағы жалпы орта мектебінде 1994 жылының тамыз айынан бастап жұмыс істеймін. Менің педагогикалық өтілім – 29 жыл, оның ішінде 25 жыл Қ.Шайменов атындағы ЖОББМ сабақ беремін.
Осы еңбек еткен жылдардағы менің педагогикалық жетістіктерім: қазіргі заманымызға сай білім саласында жаңа технологияларды тәжірибемде қолданып отырамын.
Өзімнің педагогикалық қызметімде алдыма мақсат және бірнеше міндет қойдым:
Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына, жас ұрпаққа жаңа технологияны пайдалана отырып сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, ой-өрісін ,тілін дамыту.
Сабақтарымды көбінесе жаңа әдіс-тәсілдер арқылы жүргізудемін. Мен өз еңбегімнің нәтижесін оқушыларымның жетістіктері арқылы бағалаймын. Сабақтарымның негізгі түрінің бірі дәстүрлі үлгі болып табылады- қайталау, үй жұмысын тексеру, жаңа тақырыпты түсіндіру, оны бекітіп қорытынды жасау. Осымен қатар оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында және оқушыларды шығармашылық іске жетелеу үшін сабақта және сыныптан тыс қосымша сабақтарда озық технологиялар үлгісін пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық істерге баулу жұмыстарын жүргіземін. Бұл оқушылардың білім деңгейін көтеріп қана қоймай, оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырады Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздері ҚР ЖББМ педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы бойынша 2014 жылы сәуір айында мектебімізде бастауыш сыныпта аудандық аймағы бойынша семинар өтті.Семинарға қатысып мен 4 сыныпта қазақ тілі пәнінен «Сөз таптары » тақырыбында ашық сабақ өткіздім,тапсырмалар сұрау кезінде «Басбармақ» әдісі бойынша-формативті бағалаудың критерийін құрдым. Педагогика саласында қызмет ету жылдарында талай асуларды өткізе отырып, өзіммен қатар білім беріп келе жатқан оқушыларымның жетістіктері де көз қуантарлық жағдайда. Оқушыларымды үнемі «Парсат», «Кенгуру»,«Русский медвежонок», «Сарыарқа дарыны», «Ziat» ,»НИО»,»ТИО» атты байқауларға қатыстырып, білімдерін шыңдап отырамын. Білім жолында жетер жетістігіміз де бар, алар асуымыз әлі де алда. Жеткен жетістігімізді атап айтатын болсақ: «Алғыс хат» Қарағанды облысы білім басқармасынан алғыс хаты – 2013 жыл;«Зерек бала» V облыстық зияткерлік сайысына балаларды дайындаған үшін мадақтама 2015ж ; «Ziat» Ғылыми - әдістемелік орталығы Республикалық сайысына оқушыларды дайындаған үшін диплом 2016 жыл; 2018ж «Алғыс хат» «Өрлеу» Қарағанды облысы ;»Ustaz tilegi» 2018 жыл «Алғыс хат» «Цифрлық Қазақстан» жобасына үлес қосып Республикалық қатысушыларды дайындаған үшін; «Ziaker.kz» Құрмет грамотасы, Алғыс хат 2018 жыл; »Современный педагог» «Учитель года-2018» диплом 2018 жыл,2019 «ПедСтарт» сертификат. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» бағдарламасында «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн» деген болатын. Олай болса, басты мақсат жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу керек.
Дипломдары мен мақтау қағаздары
Портфолио
-
сертификат
-
beb5dfa1d8e6812f2b520664bd77aff8
-
АЛДИЯР
-
АРУЖАН
-
АЛУА Ж
-
АЯУЛЫМ
-
АЙСУЛУ 4
-
Изображение0004
-
Изображение0004
-
Изображение0003
-
IMG_0008 (9)
-
Сертификат ИКТ 0124
-
C-1541520024
-
30991542736911-ustdip
-
2019
-
2018 (1)
-
_opt_sites_nio_public_uploads_crt_311492
-
Р.Оспановна 011
-
2018 (2)
-
Благодарственное-письмо 0129 (1)