Жалилова Назугум Летиповна

1469 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Алматы қаласы А.Розибақиев атындағы №153 мектеп- гимназия

Еңбек өтілі 20 жыл

2014 жылы ҰБТ да көрсеткен жетістіктері және білім беру саласында қосқан үлесі үшін ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен және білім беру жүйесін дамытудағы шығармашылық табыстары үшін ҚР Парламентінің алғыс хатымен марапатталды. «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің «Лидер образования» Алтын медалінің иегері, 2016 жыл. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында жарық көрген «Үздік маман» Республикалық үздік білім беру мамандарының энциклопедиясына еніп, білім саласындағы жетістіктері үшін «Үздік маман» төсбелгісімен марапаталды. «Алгебра және Анализ бастамалары», «Геометрия» пәндерінен жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану- математикалық бағытындағы 10-11 сыныптарына арналған оқу бағдарламасына аударма жасаған. Физикадан жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану- математикалық бағытындағы 11-сынып мұғалімдеріне арналған методикалық қолданбаның аудармашысы. Физикадан жалпы білім беретін мектептердің 9-cыныптарына арналған дидактикалық материалдардың, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша дайындалған 7-сынып «Физика» пәнінің, 2-сынып «Математика» пәндерінің аудармашысы, 2017 жыл. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сыныптар үшін «Математикалық есептер шығарудың тиімді жолдары» арнайы курс бағдарламасының авторы. 2014-2015 оқу жылында Панфилов, Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр аудандарындағы білім ұйғыр тілінде берілетін мектептер үшін «Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында регионалдық семинар ұйымдастырды. 2018-жылы 11-сынып мектеп бітірушілернің қорытынды аттестациялау бойынша «Геометрия» пәні бойынша тест сұрақтарын құрастырушысы. 2014 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы аясында Бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсындағы жоғары нәтижелері үшін алғыс хатпен марапатталды.