Жанаева Жанат Ахатовна
Жетістіктері
Қызылорда қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы №211 орта мектеп
Еңбек өтілі 33 жыл. Жоғары санатты педагог
2014 жылы Қалалық білім қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесінің секция отырысында «Өзін-өзі тану» пәнін жүргізу әдістемесі» тақырыбында баяндама жасап, марапатталды. 2014 жылы «Білім және Инновация» атты педагогикалық әдістемелік журналға «Уақыт-мезгіл пернесі» атты ашық сабақ жарияланды. 2015 жылы Халықаралық Қазақ Творчестволық бірлестігі оқу-кеңес орталығы ұйымдастырған сайысына 8 «Г»сынып оқушысы Айтуған Шыңғыс қатысып,жүлделі І орын алды. 2015 жылы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Жүрегіңнің түбіне терең бойла» атты қалалық пәндік олимпиадада 9 «Г» оқушысы Ибрагим Тоғжан жүлделі І орынға ие болды. 2015 жылы сәуір «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» атты облыстық семинарда 10 «А» сыныбында «Уақыт-мезгіл пернесі» атты тақырыпта ашық сабақ өтті. 2015 жылы 9 «Г» сынып оқушысы Жарылқасын Рамазан «Қорқыт баба күйлерінің үнтаспаға жазылып алу сыры» атты тақырыпта қалалық ғылыми жоба сайысына қатысып,марапатталды. 2017 жылы сәуір айында «Алтын жүрек анамыз» атты қалалық мәнерлеп оқу сайысында 8 «Б» сынып оқушысы Мансурова Дильназ жүлделі ІІ орын жеңімпазы атанды. 2018 жылы ақпан айында өткен «Алтын жүрек анамыз » атты мәнерлеп оқу сайсында 7 «А» сынып оқушысы Мансурова Гүлназ жүлделі ІІІ орынға ие болды. 2018 жылдың №1/49/ «Тағылым» атты республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Өзін-өзі тану» пәні рухани-адамгершілік тәрбиесінің бастауы» атты мақаласы жарық көрді 2015 жылы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Жүрегіңнің түбіне терең бойла» атты қалалық пәндік олимпиадада 9 «Г» оқушысы Ибрагим Тоғжан жүлделі І орынға ие болды. 2015 жылы 6-7 маусым айында Халықаралық Қазақ Творчестволық бірлестігі оқу-кеңес орталығы ұйымдастырған сайысына 8 «Г»сынып оқушысы Айтуған Шыңғыс қатысып, жүлделі І орын алды.