Жұрын Таңсық Жұрынқызы

1 место в рейтинге
  • Общий бал: 5
  • /
  • Проголосовало: 1

Жетістіктері

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті





1970 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Қазақ филологиясы» факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1969 жылы Көкшетау облысы, Щучье қаласының № 1 орта мектебінде бастаған. 1972 жылы Щучье қаласының қазақ мектеп - интернатында қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен дәріс берген. 1984-1989 жылдары қазақ мектеп - интернатында оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1989 жылдан қазіргі кезге дейін Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Шешендік өнер», «Мәнерлеп оқу», «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәндерінен дәріс беріп келеді. 1995-1998 жылдары «Қазақ әдебиеті» кафедрасын басқарған. Білікті ұстаз. 2015 жылы Қазақстан Республикасының Білім Ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің дамуына қосқан ерен еңбегі үшін «Көкшетау мемлекеттік университетінің ардагері» мерейтой белгісі табысталды. Қазақстан Республикасы Білім Ғылым министрлігі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін «Құрмет грамотасымен» марапаттады. Ақмола облыстық мұғалімдер біліктілігін жетілдіру институтының «Ұстаздардың ұстазы» алғыс хатымен марапатталды. «Лирикадағы туған жермен тұтастық» оқу құралының, «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» оқу-әдістемелік нұсқаулығының, «Поэзия, менімен егіз бе едің?» әдістемелік оқу құралының, «Ізгі парыз» естелік жинағының авторы.