Жулаева Шатгуль Бахытовна
Жетістіктері
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қалалық жанындағы интернатпен №7 орта мектебі
Еңбек өтілі 24 жыл. Жоғары санатты педагог
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Минисрі Е.Сағадиновтың «Құрмет грамотасымен» марапатталды, 2017 жыл. Облыстың үздік мұғалімі болып, 120000 грант иегері атанды. Мұғалжар ауданының энциклопедиясына «Үздік мұғалім» атауымен 2013 жыл енгізілді. «Дарабоз» оқу орталығы Республикалық қашықтық байқауының «Үздік сабақ» бөлімінің 1 дәрежелі диплом; Халықаралық Академиясы, Педагогика және инновациялық технологиясы ғылымының І Республикалық шығармашылық «Сөз ұлылығы» көркемсөз оқу сайысында Байжанова Альбина ІІ орын алған оқушыны дайындағаным үшін алғыс хатпен марапатталды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Педагогикалық олимп» байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы Облыстық деңгейдегі «Әдістемелік шеберлік шыңы» педагогтарға арналған облыстық байқауда ІІ дәрежелі диплом иеленді. Республикалық патриоттық, әдеби-танымдық «Ұлт болмысы» журналына материал жариалады. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының 72 сағаттық курсты аяқатағаны үшін сертификат табыстылды, Алматы 2017 жыл. Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы Облыстық педагогикалық олипмиада ІІ дәрежелі диплом және Алғыс хатпен марапатталды, 2016 жыл. Республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға белсенді түрде қатысып, баяндамалар жасады және баяндамалары жинаққа енгізілді.