Жиенбетова Каркара Кенесариевна
Жетістіктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, «Опорный орта мектебі» КММ
Еңбек өтілі 31 жыл. Жоғары санатты педагог
2013 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2014 жылы «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» атты республикалық кітапқа шықты. 2017 жылы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 2018 жылы «Тағылым» республикалық ғылыми-әдістемелік журналына «Рационал сандарды көбейту» тақырыбында ашық сабағы жарияланды. 2018 жылы tio.kz қашықтық олимпиадасында математика пәні бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Шәкірттері 2016 жылы республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында Кенесариева Гүлдана IIІ дәрежелі дипломмен, nio.kz Ұлттық Интернет Олимпиадасында Кенесариева Гүлдана ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен, 2017 жылы республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында Кенесариева Гүлдана - II дәрежелі дипломмен, 2018 жылы tio.kz Дәстүрлі Интернет Олимпиадасында Құбай Мейірбек, Зинел Ерасыл, Бекболат Нұрдәулет І дәрежелі дипломдармен, Жолдасқалиев Азамат, Қалдыбай Светлана ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.