Ибраимова Салтанат Мусаевна
Жетістіктері
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Абай ауылы Абай атындағы орта мектеп
Еңбек өтілі 23 жыл. Жоғары санатты педагог
Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі Аудандық пән мұғалімдерінің арасында өткізілген «Үздік сабақ шеруі» байқауына қатысып ІІІ орынды иеленген. «Мұғалімнің кәсіби дамуы – білім беру жүйесін жаңартудың негізі» тақырыбындағы аудандық семинарда «Зат есім» сабағын көрсетті. «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында ІІ дәрежелі диплом иеленді. Байзақ аудандық білім бөлімінің грамотасымен марапатталды. Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция «Ж. Аймауытов шығармаларын мектепте оқытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы баяндамасы жинаққа еніп, сертификат алды. Тараз, 2014 жыл. ҚР Білім және Ғылым министрлігі республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен ЖОО білім алушылары арасында қашықтықтан өткізілген «Егер де мен елбасы болсам...» республикалық интернет-байқауында «Біз тарихты жасаймыз» номинациясының ІІ дәрежелі диплом иегері атанды. 2016 жылы ТарМПИ ұйымдастырған «Тәуелсіздік – тірегім, егемендік - елдігім» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға ұсынған «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» тақырыбындағы ашық сабағы І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2016 жылы Қ. Шаңғытбаев «Сабалақ» тақырыбындағы сабағы «Педагогикадағы инновациялар» республикалық ғылыми-әдістемелік журналына жарық көрді. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала Еліміз» республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысып алғыс хатпен марапатталды. Жұмысы «Ұлы Дала Еліміз» республикалық ғылыми жобалардың материалдары жинағының ІІІ томында жарық көрді. 2015 жылы ТарМПИ ұйымдастырған «Жас ғалым-2015» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Ерліктің арқауы – елдіктің бастауы» тақырыбындағы баяндамасы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.