Имангалиева Гаухар Маратовна
Жетістіктері
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы «Алтын-Ай» бөбекжайы
Еңбек өтілі 6 жыл. ІІ санатты педагог
2017 жылы ҚР Тұңғыш Президент Елбасы қоры сыйлығының иегері «Qaztest.kz» ұйымдастырумен өткен І Республикалық педагогикалық олимпиадада ІІ дәрежелі дипломмен және Құрмет грамотасымен марапатталды. 2016 жылы «Заман талабы: білім берудегі инновациялар және тәжірибе» облыстық педагогикалық оқуында ІІІ-орын иеленді. 2016 жылы «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту: жаңа сапа, жаңа көзқарас» ІІІ облыстық ғылыми-практикалық конференциясында тәжірибесі таратылып, алғыс хатпен марапатталды. «Заман талабы: білім берудегі инновациялар және тәжірибе» тақырыбындағы республикалық екінші педагогикалық оқулардың І том жинағына енді. 2016 жылы Аудандық «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған орыс, ағылшын тілдердің баламалы бағдарламасы» байқауында ІІ орын иеленді. 2017 жылы Аудан әкімі Ә.Құттымұратұлының, Алғыс хатымен марапатталды. 2016-2018 жылдары республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық басылымдарда «Дошкольный мир», «Маман», «Балабақша меңгерушісі және әдіскері» т.б мақалалары жарық көрді. Республикалық интернет сайттарда мақала жариялап сертификат пен алғыс хаттарын иеленді. Тәрбиеленушілері республикалық мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне арналған ағылшын тілінен қашықтықтан өткізілген «Golden autumn» байқауының жүлдегерлері.