Искакова Бакытжан Есильхановна

1547 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы Ш.Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебі

Еңбек өтілі 26 жыл. жоғары санатты педагог

2013 жылы ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалар аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын бітірген. 2016 жылы ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген “Тәжірибедегі рефлексия” мектеп тренерлерін оқыту курсын оқып шыққан. 2016 жылы «Білім беру мазмұнын жақсарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқыту процесін жобалау» тақырыбында білімін жетілдірді. 2017 жылы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 1 айлық курсын бітірген. 2014 жылы ШҚО. ББ «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің облыстық пән олимпиадасының аудандық кезеңінен ІІІ орын; С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректорының Алғыс хаты; 2015 жылы аудандық “Үздік эссе ” байқауынан І орын, аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты; Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған сырттай өткізілген «Менің Президентіме, менің тілектерім» атты республикалық байқаудан алғыс хат; «Мәңгілік ел ұлттық идеясын білім беру жүйесінде қолданудың алғы шарттары»атты ғылыми жобадан ІІІ дәрежелі диплом; 2017 оқу жылы қашықтықтан ұйымдастырылған «Педагогикалық технологиялар және білім беру үдерісіндегі тың жаңалықтарды игерудің әдістемесі» атты Республикалық ғылыми- тәжірибелік конференцияның ғылыми материалдар жинағына үздік ғылыми- әдістемелік еңбек жариялағаны үшін диплом; Аудандық білім бөлімінің алғыс хаты, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы; 2017 оқу жылында қазақ тілінен өткен Республикалық Ұлттық Интернет олимпиадасының І, ІІ орын жүлдегері; 2017, 2018 оқу жылында IQ- интелекті дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық білімділер байқауына оқушылар қатыстырып, шығармашылық шабытын дамытуға қосқан үлесі үшін мадақтамалар.
Мектеп мақтанышына айналған шәкірттері түрлі байқаулардан жүлделі орындарға ие болып жүр.