Исмаилова Анар Адебиетовна

583 место в рейтинге
  • Общий бал: 2,71
  • /
  • Проголосовало: 7

Жетістіктері

Алматы қаласы № 148 мектеп –гимназия

Еңбек өтілі 28 жыл

Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастырылуымен өткізілген республикалық «Жыл үздіктері -2017» байқауына ұсынған жұмыстары үздік деп танылғаны үшін Диплом және «Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі берілді. Егеменді еліміздің бәсекеге қабілетті ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі атқарған шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберлігін интернет ресурсымызда жариялап және порталымызда тығыз байланыста болғаны үшін мадақтама және «Ұлағатты ұстаз»төсбелгісі табысталды, 2015жыл. Қалалық білім беру жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Алматы қалалық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды, 2016 жыл. XII қалалық ғылыми жобалар конкурсының мектептер арасындағы Turan-Junior-2014 оқушыларды дайындағаны үшін алғыс хат берілді. «Гүлдене бер Қазақстан!» Республикалық-туристік өлкетану экологиялық зерттеу жұмыстарының конкурсына қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. «Нұр Отан» партиясы Жетісу аудандық филиалының алғыс хатымен, 2016 жыл; География пәні бойынша қалалық олимпиада жүлдегерлерін дайындағаны үшін мақтау грамотасы, 2016 жыл; 2016-2017 оқу жылында өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың аудандық кезеңінде шәкірттері жүлделі орынға ие болғаны үшін мадақтамамен марапатталды. Республикалық ғылыми-педагогикалық «Жаратылыстану пәндері» журналының жанашыры, әрі белсенді авторы болғаны үшін алғыс хат, 2017 жыл; 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2012-2013 оқу жылынан бастап ҰБТ- тің Жетісу аудандық аппеляциялық комиссиясының тұрақты мүшесі, бірнеше жыл қатарынан қалалық Оқу жетістігін сырттай бақылау департаменті және қалалық аттестаттау комиссиясының белді мүшесі.
Түрлі жүлделі орындарға ие болып жүрген сенім артар шәкірттері жетерлік.