Кажгалиева Клара Жанузаковна

1566 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп

Еңбек өтілі 29 жыл. Жоғары санатты педагог

Бастауыш класс мұғалімдерінің облыстық педагогикалық олимпиадасында жоғары теориялық дайындығы мен кәсіби біліктілігін көрсеткені үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Аудандық білім бөлімі мадақтамаларын алды. Қазақстан Республикасы бойынша білім беру мекемелерінің қатысушылары арасында ұйымдастырылған бастауыш сыныптар бойынша өткен республикалық олимпиадада жүлдегер оқушылар дайындады. Ақтөбе облыстық ғылыми–тәжірибелік орталығы «Педагогикалық шеберхана – инновациялық тәжірибені тарату түрінің тиімдісі» тақырыбындағы облыстық конференциясында «Шебер –класс», «Педагогикалық шеберхана» жұмыстарын нәтижелі көрсете білгені үшін алғыс хатпен марапатталды. «ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру» бағдарлама бойынша курсын аяқтады. «Заманауи білім беру ресурстары және білім беру жүйесінің тиімділігі» халықаралық ғылыми – практикалық конференциясына қатысып, баяндамасы жинаққа енгізілді. 2017 жылы «Педагогикалық марафон» атты республикалық қашықтық конкурсы «Мен зерттеушімін» авторлық бағдарламасы І орынмен марапатталды. «Білімділер» Республикалық интернет сайтына материал жариялап, құрмет грамотасы берілді және құрмет тақтасына суреті жарияланды. «Өзін –өзі тану» рухани –адамгершілік білім беру пәнінен жаңа форматты сабақ үлгісі бойынша педагогтардың қалалық «Үздік панорамалық сабақ» кәсіби байқауының І орын иегері. Халықаралық «Умната» олимпиадасына І орын дипломымен марапатталды. Республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинар-тренингтерге қатысып, білімін жетілдіріп отырды.
Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадаға оқушыларды дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Оқушылары республикалық, халықаралық қашықтық олимпиадаларының жүлдегері.