Кажеков Дабыл Дуйсенович

1568 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы Қ. Асанұлы №9А Техникалық шығармашылық орталығы

Еңбек өтілі 41 жыл. Жоғары санатты педагог

Қазақстан Республикасы білім министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталса, «Үздік заманауи сабақ» атты халықаралық дәрежеде өткізілетін республикалық шығармашылық конкурсқа қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталды. Д. Кажековтың жетекшілігімен жасаған шығармашылық жұмыстар Ғылым күніне арналан облыстық І, ІІ, ІІІ жастехниктермен өнертапқыштардың шығармашылық байқауында бас жүлде, І, ІІ орындардың жеңімпазы және «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында өткізілген ІV облыстық жастехниктермен өнертапқыштардың шығармашылық байқауында І орынды иеленіп облыстық білім басқармасының басшысының дипломымен, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығы жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізген «Жастар, Ғылым, Техника» Республикалық байқауында І – дәрежелі дипломдарымен марапатталған.
Оқушылары жыл сайын Ғылым күніне арналан облыстық І, ІІ, ІІІ жастехниктермен өнертапқыштардың шығармашылық байқауында бас жүлде, І, ІІ орындардың жеңімпазы және «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында өткізілген ІV облыстық жастехниктермен өнертапқыштардың шығармашылық байқауында І орынды иеленіп облыстық білім басқармасының басшысы С. Құрманбекованың дипломымен марапатталды.