Кажкеева Аяжан Кабиденовна
Жетістіктері
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Иса Байзаков ауылы Максим Горький ЖОББМ
Еңбек өтілі 29 жыл. Жоғары санатты педагог.
2013-2014 оқу жылы «ҚР білім беру жүйесін жетілдіру: реалийлер мен перспективалар» республикалық ғылыми-практикалық конференциясының грамотасымен марапатталды. «12 жылдық бейінді мектепке арналған үздік арнайы курсы» конкурсы, Павлодар облысы білім беру басқармасының ІІ дәрежелі дипломын иеленді. Республикалық қашықтық олимпиада, үздік нәтиже серитфикаты берілді. «Копилка уроков» сайтында математикадан «Қалдықпен бөлу» авторлық сабақ жоспары жарияланды. 2014-2015 оқу жылы республикалық қашықтық олимпиада, үздік нәтиже серитфикаты берілді. «Мультиурок» сайтында «Дидактикалық ойындар», «Логика негіздері», «Сөз маржаны» авторлық арнау курс бағдарламалары жарияланды. 2015-2016 оқу жылы Республикалық қашықтық олимпиадасында үздік нәтиже сертификаты; ККО республикалық қашықтық олимпиадасында І орын иеленді. «ХVI Сәтбаев оқулары» халықаралық конференциясында сертификат; «ХVI Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциясының материалдары жинағында Мусагитова Венерамен жазған ғылыми жоба жарияланды, сертификат; 2016-2017 оқу жылы: Павлодар облыстық білім басқармасының мұғалімдер күніне орай «Алғашқы ұстазым» номинациясы дипломын иеленді. «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған бастауыш сынып мұғалімдерінің республикалық олимпиадасында І дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушылары республикалық, халықаралық қашықтық олимпиадаларының жүлдегері.