Кегенбекова Жаныл Нурановна
Жетістіктері
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы Д.Қонаев атындағы орта мектеп
Еңбек өтілі 37 жыл. Жоғары санатты педагог
«Жақсы бастамалар жалғасын табады» кітабында «Қазақ тілі қандай тіл?» ашық сабағы жарияланды. Халықаралық «Үкілім-ай» журналына 2 ашық сабағы жарияланды. М.Айнабековтің «Тарихқа тағлым» кітабында «Күреңбел» өлеңі жарық көрді. Республикалық «Қазақ тілі мен әдебиеті» ғылыми-әдістемелік журналына (10/2015 ж. 140-шы бет) «11-сыныпты ҰБТ-ғадайындау» ашық сабағы енгізілді. Республикалық «Ел-Назар» журналына «Мен – қазіргі заман педагогімін» мақалам жарық көрді. Республикалық«Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналына 6 тәрбие жұмысым жарияланды.«Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі» эсселер жинағына 10 эссе енгізілді. Аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетіне №47. «Бір тамшы жас» атты әңгімесі жарияланды. Аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетінде өлеңдері үнемі шығарылып тұрады. Шәкірттері 2018 ж. Н.Игібайқызы Республикалық «Өнерлі өркениет» байқауының І орын лауреаты. 2018 ж. Ж.Аликова Республикалықпән олимпиадасында «Грамота» және «Сертификат» 2017 ж. Ж.Аликова Республикалық пән олимпиадасында ІІІ орынға ие болды. 2017 ж. Н.Игібайқызы Республикалық «Нұрлы жастар – Болашаққа жол бастар» байқауында «Көркемсөз» номинациясының ІІІ дәрежелі лауреаты 2017 ж. А.Бажкенова Республикалық «Нұрлы жастар – Болашаққа жол бастар» байқауында «Сахналық қойылым» байқауының І дәрежелі дипломанты. 2016 ж. А.Талғат Республикалық «Жас журналист-2016» байқауының І орын жүлдегері «Құрмет грамотасы» Рег.№000GE012. 2014 ж. Ж.Аликова Республикалық «Ілияс оқулары» бойынша республикалық байқауда «Бас жүлдеге» ие болды.