Кенжебаев Сеилбек Амиржанович

1606 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Ақмола облысы, Зеренді ауданы №1 Зеренді орта мектебі

Еңбек өтілі 35 жыл. Жоғары санатты педагог


2014 жылы Қостанай қаласында өткен «Ауылдық мектептер жағдайында дарынды балалармен жұмыстар ұйымдастырудың жүйелігі» атты Республикалық семинарға қатысып «Жалпы білім беретін мектептерде дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың түрлері» тақырыбындағы мақаласы, тәжірибе алмасу ретінде аталған семинардың жинағына кіргізіліп, Республика бойынша таралды. 2014 жылы Астана қаласы оқыту мен дамыту орталығымен ұйымдастырылған І Республикалық «Әдіскерлік тәжірибе» байқауының жеңімпазы. 2014 жылы “Оқыту үдерісіне инновацияны енгізу – білім беру жүйесін жаңарту жолындағы негіздердің бірі» тақырыбындағы мақаласы «Білім беру жүйесін кешенді жаңғырту - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар қатарына қосылып 11.12.14ж. ҚР БҒМ «ӨРЛЕУ» БАҰО Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ шығарған электрондық жинақта жарық көрді. 2014 ж. IV халықаралық әлеуметтік – педагогикалық инновациялар Жәрмеңкесінің күміс сертификат иегері. 2015 жылы «Оқыту үдерісіне жаңа технологияларды енгізу – білім сапасын жоғарлату жолдарының бірі» атты тақырыптағы баяндамасы «Нәтижеге бағытталған білім беру кеңістігін модельдеу перспективалары мен мәселелері» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық on-line конференциясында оқылып, конференцияның электрондық жинағына енді және «Өрлеу» БАҰО» сайтында (http://www.akmol-orleu.kz) жарияланды. Аудан әкімінің және оқу бөлімінің, ҚР БҒМ «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру орталығының мадақтамаларымен марапатталды.