Кенжебаева Майра Жетписбаевна

1607 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0
  • Еңбек өтілі: 1 жыл

Жетістіктері

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қалалық №4 жалпы білім беретін орта мектебі
Еңбек өтілі 11 жыл 7 ай. І санатты педагог


2016 жылы Мұғалжар ауданы әкімінің өкіміне сәйкес, «Ұлағатты ұстаз» аталымын иеленіп, төс белгімен марапатталды. Білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін аудандық білім бөлімінің марапаттарын алды. 2016 жылы Ақтөбе облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2017 жылы қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық педагогикалық олимпиадада І орын иеленді. 2016 жыл, «Аттестатталушы педагогтің әдістемелік жұмысының панорамасы» атты облыстық семинар-практикумына қатысып, сертификат алды. 2016 жылы «Педагогтың инновациялық қызметі-заманауи білім беруді дамытудың негізі» тақырыбында эссесі облыстық жинаққа енді. 2017 жылы сабағы «Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме» атты облыстық ақпараттық-әдістемелік журналына жарық көрді. 2013 жылы «Жұбанов тағылымы-ҮІІІ» ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. 2018 жылы «Ақын-халықтың жүрегінде» атты республикалық байқауға шәкірт дайындағаны үшін «Қос қыран» білім мен шығармашылықты дамыту орталығының дипломымен марапатталды. 2015,2016 жылы Қазақстан интернет олимпиадасында «Үздік нәтиже» сертификатын иеленді. 2017 жылы «Аялы алақаны анамның» атты республикалық көркем сөз байқауында мадақтама алды. 2015 жылы ашық сабағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» республикалық ғылыми-әдістемелік басылымда жарық көрді. 2018 жылы І халықаралық «Мұқағали-мәңгілік жыр» атты байқауға дарынды балаларды қатыстырағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2018 жылы І халықаралық «Мұқағали-мәңгілік жыр» атты байқауда оқушылары Баймұқан М., Досмамбетов О. І орын, Қазыбай М. ІІ орын, Сермағамбетова С. ІІІ орын иеленді. Оқушылары Республикалық, халықаралық өнер байқаулары мен интернет олимпиадаларының жүлдегері.