Кенжекулова Ляззат Шайхыстановна
Жетістіктері
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Бейсенбек Тайшапұлы атындағы орта мектеп
Еңбек өтілі 28 жыл. Жоғары санатты педагог
2014 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша Егеменді еліміздің бәсекеге қабілетті жас ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі атқарған шығармашылық ізденістері үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2015 жылы Жамбыл ауданы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының I дәрежелі дипломымен марапатталды. 2015 жылы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының III дәрежелі дипломымен марапатталды. 2016 жылы Жамбыл ауданы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Үздік педагог » байқауының II дәрежелі дипломымен марапатталды. 2016 жылы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Құзыреттілікке бағытталған сабақтарды ұйымдаструдың тиімділігі» семинарға белсене қатысқаны үшін сертификатталды.2017 жылы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Облыстық биология пәні мұғалімдерінің арасында өткен қашықтық олимпиадасындағы үздік жұмысы үшін » I дәрежелі дипломымен марапатталды. 2017-18 оқу жылында, «Биолог анықтамалығы» республикалық ғылыми танымдық педагогикалық журналдың сайыстарына үздіксіз қатысып, оқушыларын қатыстырып, танымды, білімді мақалалар жазып, журналдардың мазмұндық сапасын арттыруға ерекше үлес қосқаны үшін журналдардың «Белсенді автор» деген арнайы мадақтамасымен марапатталды. 2018 жылы Облыстық «Жас Талап» телеойынына белсене атсалысып, шәкірт дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың екінші (негізгі) деңгей бағдарламасының және Орта білімдегі үш тілді оқыту аясында «Биология» оқытушыларының біліктілігін көтеру шеңберіндегі А1, А2 деңгейі бойынша ағылшын тілі курсының сертификаты берілді.