Қабылғазина Клара

42 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Клара Қабылғазина – журналистика саласынан кандидаттық диссертация қорғаған. Филология ғылымдарының кандидаты (Ph.D) дәрежесі берілді және ассоцир профессор ғылыми атағына ие болды (ЖАК куәлігі № 0000119). Бүгінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде, журналистика факультетінің «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасында профессор м.а. қызметінде. Университет деңгейінде хабар тарататын «әл Фараби» радиосының жетекшісі. Университет өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. К.Қабылғазина 2 электронды оқулық, 5 оқу құралын, 1 оқулық (ҚР БҒМ грифімен ) жазған. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің бағдарламасы бойынша шыққан «Радиожурналистика» атты оқулықтың үш тарауын, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ақпарат және мұрағат комитетінің бағдарламасы бойынша шыққан «Қазақ журналистикасы» атты үш томдықтың бір тарауын дайындаған, бірнеше типтік бағдарламалар шығарған. Екі жүздей ғылыми, публицистикалық мақалалардың авторы. Қазақстан Республикасы Журналистер Академиясының дипломымен, Құрмет грамоталарымен, «ҚазҰУ 80 жылдық» мерекелік медалімен марапатталған және «ҚазҰУ-нің үздік оқытушысы» атағының иегері. Көркем прозамен шұғылданады, жас ұрпаққа үлгі – тәрбиені насихаттайтын әңгіме, новеллалары республикалық басылым беттерінде жарияланып тұрады. К.Қабылғазина туралы мемлекеттік тапсырыс бойынша СТВ арнасында «Қоғам және әйел» бағдарламасы бойынша деректі сюжет жасалған, «Қазақстан» арнасында жеке бағдарлама арналған («Сырғалым»), «Білім», «Мәдениет», «Асыл арна» және «Хабар» , «Еуразия» арналарында сюжеттер түсірілген, БАҚ беттерінде мақалалар жарияланған, «Қазақстан ғалымдары», Шығыс Қазақстан облыстық энциклопедияларына және «Аманат» атты Қазақ ұлттық университеті жинағына енген.