Кожирбаева Канзия

1625 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Ақтөбе облысы, Алға ауданы Бестамақ орта мектебі

Еңбек өтілі 38 жыл. Жоғары санатты педагог

Облыс көлемінде өткізілген on-line режиміндегі сабақта педагогикалық шеберлігін жоғары деңгейде көрсеткені үшін мадақтама, 2014 жыл. Алға аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасы, 2014 жыл. Аудандық биология пәні мұғалімдері арасында ұйымдастырылған байқау «Үздік биолог» ІІ дәрежелі диплом, 2016 жыл. Ақтөбе облысының Білім басқармасының білім беру саласындағы тынымсыз шығармашылық еңбегі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қол жеткізген табыстары үшін «Құрмет грамотасы», 2014 жыл. Жаһандану аясындағы білім беру жүйесінің Қазақстанда интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы ролі:ғылыми және тәрбиелік аспектілері» атты Республикалық ғылыми-теориялық конфенцияда инновациялық идеялары тәжірибеден қолданып, белсенділік танытқаны үшін грамот, 2014 жыл. Облыстық педагогикалық олимпиадада қазіргі білім үрдісіндегі педагоикалық шеберлігін және кәсіби, әдістемелік біліктілігін көрсеткені үшін ІІІ дәрежелі диплом, 2014 жыл. Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы «Құзырлы тәлімгер – кәсіби дамытушы» тақырыбындағы облыстық эксперимент алаңында шығармашылықпен жұмыс жасап, іс-тәжірибесін кәсіби шеберлікпен көрсеткені үшін Алғыс хат, 2017 жыл. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Дарынды оқушылармен жұмыстың жаңа технологиялары және оларды пән олимпиадасына дайындау» атты биология пәні мұғалімдеріне арналған республикалық оқу семинарына қатысқаны үшін сертификат, 2014 жыл. Облыстық «Жаһандану аясындағы білім беру жүйесінің Қазақстанда интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы ролі; Ғылыми және тәрбиелік аспектілері» атты Республикалық ғылыми-теориялық журналының жинағына мақаласы жарияланды. Облыстық тәжірибелік орталығы «Сапалы білім беру және тәрбие – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» тақырыбында өткізілген тамыз кеңесінде «12 жылдық мектептегі оң ізденістермен нәтиже сапалы білім беруде саналы ұстаз тәрбиесі» атты баяндамасы ұсынылды.