Коптлеуова Жанаркул Сазанбаевна
Жетістіктері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы №17 мектеп
Еңбек өтілі 7 жыл. ІІ санатты педагог
2013-2014 оқу жылы аудандық білім бөлімінің Мақтау қағазы иегері. 2014 жылдың қаңтар айында «Бейбітшілік Әлемі» ХҚТБ ұйымдастырған «ХХІ ғасыр-білім саласында жаңа технологиялар ғасыры «атты арақашықтықтағы Халықаралық ғылыми практикалық конференцияға қатысып,баяндамасы жинаққа енген. 2014 жылы «Кәмелетке толмағандарды түрлі діни ағымдардың идеяларынан қорғау және дәстүрлі дінді насихаттау» атты жұмысының электрондық нұсқасы «sabagtar.kz» сайтында жарияланды. 2014 жылы «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-нәтижеге бағытталған білім беру негізі» атты ІV облыстық, ғылыми практикалық конференцияда «Потриоттық тәрбие беруде тарих пәнінің рөлі» атты баяндамасы жарияланды. 2014-2015 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық олимпиадада оқушысы Жұмат Нұрай Құқық пәнінен ІІІ орынды иеленіп, аудандық білім бөлімінің басшысының мақтау қағазымен марапатталды. 2015-2016 оқу жылында аудандық олимпиадада оқушысы Қартабай Ғалия Құқық пәнінен І орынды иеленді. 2017-2018 ж- Аудандық «Ең үздік өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі» педогогикалық сайысының ІІ орын иегері. 2017-2018 жылы Аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталды. 2018 жылы Қызылорда облысының білім басқарма басшысының Алғыс хаты иегері. 2017-2018 оқу жылында аудандық олимпиадада «Құқық негіздері» пәнінен оқушысы Қартабаева Ғалия І орын иеленіп, аудандық білім бөлімінің Мақтау қағазымен марапатталды. 2018 жылы «Адам.Қоғам.Құқық» пәнінен оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға оқушысы қатысушы. 2018 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің «Үздік түлек» белгісімен марапатталды.