Куламетова Лайла Ондасыновна
Жетістіктері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы №249 мектеп-лицей
Бірінші санатты педагог
«Үздік маман» Республикалық үздік білім беру мамандарының энциклопедиясына енді. Ізденіс жолы журналына «Х дыбысы мен әрпі» әдістемелік атты іс-тәжірибесі жарық көрді. 2017 жылы «Бастауыш білім беру жағдайындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» атты баяндамасы республикалық «Педагог хабаршысы» ғылыми-практикалық конференциялар жинағына енгізілді. 2016 жылы қаңтарда «Бастауыш білім беру жағдайындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» атты әдістемелік жобасы «Таным мен тағылым» газетінде жарық көрген. Жеңімпаз оқушылар дайындағаны үшін «Республикалық бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиада орталығының» Мақтау қағазы. «Жаратылыстану және дүниетану пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» атты аудандық семинарда жоғары деңгейде іс-тәжірибесін көрсеткені үшін аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Халықаралық интернет олимпиадасының жеңімпаздарын дайындағаны үшін сертификат алды. Астана қаласында өткен халықаралық «Ақ көгершін» байқауына көркем сөз оқудан жеңімпаз оқушы дайындағаны үшін 3 рет «Үздік педагог» диплом иегері атанды.
Шәкірттері математика пәні бойынша республикалық «Дарын» орталығы олимпиадасының жеңімпаздары.