Кунирбаева Бибихатша Утепбергеновна

1659 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Ақтөбе қаласы Новый орта мектебі

Жоғары санатты педагог

Қазақстан Республикасы Білім Ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.. 2014 жылы Қазақстан Республикасы педагогикалық деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтап, сертификат алды. АОБОӘО ұйымдастыруымен «Қ.Жұбанов оқулары» конференциясына «Қ. Жұбанов – қазақ тілі білімінің негізін салушы ғалым» тақырыбындағы баяндамасы жинаққа енді. АОБҚИ «Өрлеу» ұйымдастырған «Оқытудың инноваңиялық – ғылыми практикалық» халықаралық – ғылыми конференциясына «Қазақ тілі сабақтарында жаңа технологияның элементтерін қолдану арқылы өзекті мәселені шешу жолдары» тақырыбындағы баяндамасы жинаққа енді. АОӘО-ның баспасымен «Білім негізі – ізденісте» тақырыбында әдістемелік көмекші құрал шығарды. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Әдістеме мәселелері: инновациялық технологияларды қолдану, проблемалық және перспективалық даму бағыты» атты республикалық ғылыми – әдістемелік семинарға белсене араласып, жоғары деңгейде баяндама жасап, І дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жаңартылған мазмұн – білім беру үдерісінде жаңа сапалы деңгейге жету кепілі» облыстық семинар-практикумда «5-7 сынып оқушыларын критериалды бағалау» тақырыбында коучинг өткізгені үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. Халықаралық Педагогика және Инновациялық Технологиялар Ғылым Академиясы ұйымдастырған халықаралық қашықтық олимпиадасына оқушыларын белсенді қатыстырғаны үшін Грамотамен марапатталды.