Купенова Галия Орынтаевна
Жетістіктері
Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы №41 орта мектебі
Еңбек өтілі 31 жыл. I санатты педагог
Аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен бірнеше рет марапатталған. «Worlddidas Astana 2014» ІІІ-ІҮ-ші Білім және кәсіби даярлауға арналған халықаралық технологиялар көрмесі шеңберінде «Инновациялар білімде» атты практикалық конференция қатысушысы серификаты. 2015-2016 оқу жылында «Білім берудегі үздіктер» халықаралық энциклопедиясына енгізілді. 2016 жылы білім берудегі жетістіктері мен шеберлігі үшін Целиноград ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 2014 жылы білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі мен педагогикалық үрдістегі жетістіктері үшін Ақмола облысының білім басқармасы Құрмет Грамотасымен марапаттады. Галия Орынтаевна өз білімін жетілдіруге, тәжірибесін ортаға салуға көп көңіл бөледі. 2013 жылы Алматы қаласында Ұлттық ғылыми-практикалық орталығында «Мүмкіндігі шектеулі балаларды үй жағдайында оқытудың ұйымдастырылуы мен мазмұны» тақырыбында біліктілігін арттырып, сертификатқа ие болды. 2016 жылы Көкшетау қаласында өткен инклюзивтік білім беруге арналған облыстық семинарға қатысты. 2017 жылы Алматы қаласында «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында өз білімін көтерді.
Шәкірттері аудандық орыс тілі мен әдебиеті пән олимпиадасынан оқушылары жүлделі орындарды иеленуде.