Курманбаева Айман Есенамановна
Жетістіктері
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Көкарық бастауыш мектебі
Еңбек өтілі 31 жыл. І санатты педагог
2015 жылы Республикалық «Білім KZ» журналында «Ана – өмірдің шуағы» атты үлгілі сабағы жарияланды. 2015 жылы «халықаралық кеңестер одағы кеңістігіндегі ғылыми дискуссия: проблемалары мен келешегі» атты ғылыми – практикалық конференцияда «Алдыма қойған мақсатым – білімді ұрпақ тәрбиелеу» атты еңбегім жинаққа енді. 2015 жылы Халықаралық қашықтық олимпиадаға оқушы дайындағаным үшін «Алғыс хат» иеленді. 2015 жылы облыстық білім бөлімінің дипломымен марапатталды. 2015 жылы облыстық білім бөлімі «Бейбітшілік, келісімділік және толеранттылық үшін» атты плакаттар байқауында оқушыларды дайындағаны үшін дипломмен марапатталды. 2015 жылы облыстық «Білім шуағы» газетіне «Ардагерге құрмет» атты мақаласы жарияланды. 2015 жылы облыстық «Озық сабақ» журнал Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Татулықты ту еткен жыл» атты мақаласы жарық көрді. 2015 жылы Жамбыл облысы білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2016 жылы Республикалық «Қазақстан ұстазы» атты қашықтық олимпададан I орын иеленді. 2016 жылы «Көшбасшы» педагогикалық орталығы «Көшбасшы мұғалім – Учитель - лидер» республикалық ақпараттық – әдістемелік газетінің редакциясының «Алғыс хаты» берілді. 2017 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдығына арналған «ЖАС ҒАЛЫМ - 2017» атты конференцияға қатысып I дәрежелі дипломмен марапатталды. 2017 жылы облыстық «EXPO - 2017» болашақ көпірі» атты Халықаралық ғылым-практикалық конференцияға қатысып I дәрежелі диплом алды. 2017 жылы бастауыш мұғалімдеріне арналған Республикалық олимпиададан III дәрежелі дипломымен, Республикалық «Қазақстан ұстазы» атты қашықтық олимпадада I дәрежелі дипломмен марапатталды. Шәкірттері облыстық «Ұлы Жеңіс –Ұлы мереке!» атты шығармалар байқауының және Халықаралық қашықтық олимпиадаларының жеңімпазы.