Курманова Жадра Асқарқызы
Жетістіктері
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы
Еңбек өтілі 8 жыл. І санатты педагог
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі«Үздік ұстаз» Дипломымен марапатталды. «SKILLS ACADEMY» мекемесі мен Martebe.kz білім порталы ұйымдастырған Республикалық «Үздік балабақша тәрбиешісі» байқауында ерекше көзге түсіп, ІІІ орын иеленді. Республикалық «Тәрбиеші болу- бақыт» атты Республикалық сайыста I орын иеленді. «Ақбөбек» облыстық балалар шығармашылығы байқауына талантты да дарынды шәкірттерді қатыстырып, «Ең үздік ұстаз» номинациясымен марапатталды, Ақтөбе Облыстық білім басқармасы, 2015 ж.; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Алғыс хатымен марапатталды. «Құрмет грамотасы» Мұғалжар ауданының әкімі Е.Ж.Данағұлов -2016ж.; «Құрмет грамотасы» Қандыағаш қаласының әкімі Ә.Қорғанбай -2016ж.; Диплом ІІ дәрежелі Ақтөбе облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығы «Педагогикалық жетістік» облыстық байқау -2017ж.; Диплом «ZIAT»Ғылыми- әдістемелік орталығы «Тәлімі мол тәрбиеші ұстаз» атты VI Республикалық сайыста «Мерекенің таңдаулы сценариі» II-орын 2017ж.; Ақтөбе облыстық ғылыми- тәжірбиелік орталығы «Мектепке дейінгі балаларды экологиялық үйлесімдеу шарты негізінде ата-анамен қызмет жасау» атты Облыстық эксперимент алаңында іс-тәжірибесін кәсіби шеберлікпен көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды. Ақтөбе облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығы «Педагог қызметкерді аттестаттаудың дайындық мәселелері және білім беру мекемесіндегі педагогті аттестаттаудан өткізу тәртібі» облыстық семинарына қатысып, сертификат алды, 2017 ж.; ХVI – Республикалық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы фестиваль – байқауына балаларды қатыстырғаны үшін алғыс хат берілді. Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім берудегі озық тәжірибесін көпшілікке танытып үлгі болып келе жатқан жоғары белсенділігі үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды.