Қабдол Гүлшарида Аманғалиқызы
Жетістіктері
Еңбек өтілі 15 жыл. Жоғары санатты педагог
2013 ж. География пәні мұғалімдерінің облыстық олимпиадасында білімділігімен, шығармашылық ізденпаздылығымен ерекшеленіп ІІІ орын иеленді. 2014ж. Атырау облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2016 ж. «Мұғалімнің инновациялық әрекеті, кәсіби даму шарттары» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік семинарына «География сабағында оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» тақырыбында баяндамасын оқып сертификатқа ие болды және жинаққа енгізілді. 2017 ж. «ЕХРО-2017» шеңберінде өткізілген «Қазақстан-менің елім» атты жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық байқауында «Туған өлкені зерттейміз» номинациясы бойынша жұмысы үздік танылған Қанатқалиқызы Дана І орынды иеленді.. 2014 ж. Облыстық «Тәрбие жұмысының моделі: инновациялық тәсіл» атты семинарда Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік кабинеттің Алғыс хатымен марапатталған. 2014 ж. Облыстық «Кәсіптік білім беруде педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістемелік негіздері» конференцияға қатысып еңбегі жинаққа енген. 2015 ж. Облыстық «Менің үздік сабағым» атты байқауынан ІІІ орын. 2015 ж. Облыстық «Әдістемелік қоржын» байқауынан ІІ орын. 2017ж. Облыстық педагогикалық оқудан ІІІ орын. 2014 ж. Республикалық «Педагогикалық идеялар мен шешімдер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция сайысына қатынасып Алғыс хатпен марапатталды. 2016 ж. Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталықтың Алғыс хатымен марапатталған. 2017 ж. Республикалық «Үздік сабақ жоспары» атты ІІ Республикалық ғылыми-педагогикалық байқауында І орын (географиялық ғылымдар бағыты) 2017 ж. Білім беру саласын дамытуға қосқан мол үлесі мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, біліктілік танытқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. 2017 ж. «Білім, ғылым және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-білім беру қашықтық конференциясына қатысқаны үшін Халықаралық СЕРТИФИКАТ берілді.