Абанова Гульжан Тайшибековна

343 место в рейтинге
  • Общий бал: 3
  • /
  • Проголосовало: 2

Жетістіктері

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы С.Абланов атындағы орта мектебі
I
Еңбек өтілі 16 жыл. І санатты ұстаз.






2015 жылы Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Жылдың үздік флипчарты» байқауында II орынды иеленді. 2015 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін жоспарлау, ұйымдастыру мен сабақты талдаудың жолдары» атты облыстық семинарда «Оқу мен оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді топтық жұмыстар арқылы қолдану» тақырыбында баяндама оқып, сертификатқа ие болды; 2016 жылы Жамбыл Жабаевтың 170 жыл толуына орай аудандық «Жамбыл оқулары» байқауының «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды. 2016 жылы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткізілген облыстық мұғалімдер арасындағы «Жамбыл оқулары» шығармашылық байқауында I дәрежелі дипломмен марапатталды; 2016 жылы Республикалық «www.45 minut.kz» басылымының ақпараттық порталының ұйымдастыруымен өткізілген шығармашылық байқауда «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты тәрбие сағатының жоспары «Ең үздік сабақ» номинациясы бойынша III орынды иеленді.2017 жылы Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында II дәрежелі дипломмен марапатталды.2017 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастыруымен өткізілген деңгейлік бағдарламалардың оқу үдерісіне ендірілуіне 5 жыл толуына орай «Оқу мен оқытудағы 7 модуль» үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалімдерге арналған республикалық-интернет-олимпиадасында I дәрежелі дипломмен марапатталды. 2017 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастыруымен өткізілген облыстық «Дара ұстаз» шығармашылық алаңына қатысып, «Көшбасшы мұғалім» номинациясының жеңімпазы дипломымен марапатталды. 2017 жылы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Педагогикалық идеялар» атты облыстық фестивалінде III дәрежелі дипломмен марапатталды. 2014 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталды. 2016 жылғы қазақ тілі пәні бойынша ҰБТ нәтижесі 100% көрсеткіш берді. Шәкірттері халықаралық, республикалық жарыстардан топ жарып жүр.