Абдешова Гулмира Мадешевна

612 место в рейтинге
  • Общий бал: 2,33
  • /
  • Проголосовало: 3

Жетістіктері

Атырау облысы, Талғайран ауылы Талғайран негізгі мектебі
Біліктілік санаты:
Еңбек өтілі 30 жыл. Жоғары санатты педагог.


2016 жылғы «Заман талабы:білім берудегі инновациялар және тәжірибе» тақырыбында ХVII педагогикалық оқуға қатысып, география пәнінен жүлделі 2-орынды иеленді. Ізденімпаз сан түрлі тақырыптарда баяндама жасап, әріптестерімен іс-тәжірибесін бөлісті. «География сабағында өзіндік жұмыстарды жүргізу», «География сабақтарында оқушыларға экологиялық тәрбие беру» атты баяндамаларымен қала мұғалімдері арасында лекциялар оқып, дәрістер жүргізді. Іс-тәжірибесі туралы облыстық, қалалық басылымдарда мақалалар жарияланды.Озық үлгідегі жаңа мазмұнмен байытыла жүргізген сабақтарында заманауи технологияны – интерактивті тақтаны кеңінен пайдаланады. Мұғалімнің көп жылғы жемісті еңбегі бағаланып, тәжірибелі мұғалімнің еңбегі қалалық, облыстық білім бөлімдерінің тарапынан жоғары бағаланып, Нұр Отан ХДП Құрмет грамоталарымен марапатталды.2013жылы жас ұрпақты отансүйгіштік,адамгершілік рухта тәрбиелеуде,оларды бүгінгі күннің биік талабына сай келетін білім берудегі ізденістері мен шығармашылық табыстары үшін Қалалық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Еңбектегі жетістіктерін бағалай отырып, мектеп әкімшілігі облыстық білім беру басқармасының «Құрмет грамотасына» ұсынып, марапатталды. 2018жылы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» Атырау облыстық комитетінің «Құрмет грамотасы».
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшылары орынбасарларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша курс, 2016; «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша 640 академиялық сағат көлемінде курсты аяқтады, 2016ж; Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсын тәмамдады,2017; Білімгер.кз Республикалық білім порталына мақала жариялады,2018ж; Тәжірибелі ұстаз осы жылдар аралығында мұғалімдердің пәндік олимпиадасына қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды. 2014 жылы «Білім беру мазмұнын жетілдіруде инновациялық технологиялар арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында ХIII қалалық педагогикалық оқуға қатысып, жүлделі 2-орынды жеңіп алды.
Шәкірттері облыстық пәндік олимпиада жеңімпаздары.