Махатова Тути Еламоновна
Жетістіктері
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы №7 жалпы білім беру орта мектебі
Еңбек өтілі 27 жыл.Жоғарғы санатты педагог
2017 жылы «Қазақ елінің үздік ұстазы» атты жобаға қатысып «Қазақ елінің үздік ұстазы» төсбелгісімен марапатталды. Маңғыстау облысының білім басқармасы, «Облыстық оқу- әдістемелік және қосымша білім беру» МКҚК «Мектеп оқушыларын келеңсіз жағдайлардан сақтандыру және суицидтің алдын алу бағытында жұмыстарды күшейту» атты іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқаны үшін «Мақтау қағазы»; 2015 ж. ҚР КҒА Маңғыстау филиалы Маңғыстау облысының дарынды жастармен белсенді ғылыми жұмыс өткізгені үшін «Алғыс хат». 2015 ж. облыстық ҚР Президентінің сайлауын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін «Алғыс». 2016 ж. республикалық «Қазақстан ұстазы» педагогтарға арналған қашықтық олимпиада І орын. Диплом. 2016 ж. Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің «Білімді ел- мәңгі ел» тақырыбындағы тамыз кеңесінің секциясында баяндама; 2016 ж. «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың «Алғыс хаты»; 2017 ж. республикалық NIO.KZ ІІ орын. Диплом. 2017 ж. «Озық мектебі» республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналына мастер класс, «Алтын ұрпақ» республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналына орыс әдебиетінен «Заработанный рубль» тақырыбында сабақ жоспары жарияланды. 2017 ж.- республикалық «Білім-жаңа бағдар» ғылыми-әдістемелік журналында «Сын тұрғысынан ойлау» модулі тақырыбындағы коучинг жоспары жарық көрді. 2017 ж. аудандық «Мұнайлы ауданына -10 жыл» төсбелгісі табысталды. Шәкірттері облыстық пәндік олимпиаданың және халықаралық «Русский медвежонок» конкурсының жүлдегерлері.