Мекеева Гулназ Жолдасовна
Жетістіктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Қарақұм орта мектебі
Еңбек өтілі 27 жыл. Бірінші санатты педагог
Өрлеу «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің үшінші негізгі деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын аятады, Астана. «Қазақ тілін оқытудағы инновациялық бастамалар: Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі» форумына қатысты. 2016 ж. қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып аудандық «ең жақсы нәтиже» сертификатын алды.2014ж аудандық «Тілші мұғалімдер-2014» олимпиадасында І орын алды.2014ж «Өрлеу»Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен «Қазіргі сабақ түрі қандай? критериалды бағалаудың тиімділігі және оны енгізу мәселелері» облыстық рефлексифті семинар-практикумда С.Мұқановтың «Лашын» әңгімесінен критериалды бағалаудан слайд қорғап өзімнің іс-тәжірибеммен бөлісіп арнайы Сертификат және Алғыс хатпен марапатталды. 2015 ж. «Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайындағы тұлғалық зияткерлікті дамытудағы педагогикалық ізденіс»тақырыбындағы Республикалық педагогикалық фестиваліне қатысқаны үшін Сертификатпен марапатталды. 2015ж 21 қазан деңгейлік бағдарлама бойынша «Көшбасшылық-табысты мектептің жаңа тәжірибесі»атты аудандық семинарда сертификатка ие болды. Шәкірттері 2014жылы аудандық «Абай және Махамбет оқулары» сайысының, «Әбіш оқуларының» және ғылыми жоба байқауларының жүлдегерері.