Мендигазиева Гулшат Орынгалиевна
Жетістіктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Боранқұл орта мектебі
Еңбек өтілі 30 жыл. Жоғары санатты педагог
Аудандық білім бөлімінің, Облыс әкімінің, облыстық білім басқармасының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамоталары» иегері.Аудандық жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдері олимпиадасының аудандық кезеңінің І орын, облыстық кезеңінің ІІІ орын иегері. Ф.Шаталовтың «Тірек сызбасымен оқыту» технологиясын өз ісінде тұрақты пайдаланып жүрген Гулшат Орынгалиевнаның «Электродинамика» тарауын тірек сызба белгісімен оқыту» тақырыбындағы өз іс-тәжірибесі аудан, облыс көлеміне таратылды. 2012-2013 оқу жылында «Заттың тығыздығы» тақыры-бымен облыстық онлайн сабақ өткізіп, өзінің сабақ беру әдіс-тәсілдерін ортаға салды. 2014-2015 оқу жылында «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығында жалпы білім беретін пәндер бойынша резервте тұрған аудандық олимпиаданың І,ІІ орын жеңімпаздарын облыстық олимпиадаға дайындық ауысымдарын ұйымдастыру мақсатында өткізілген бір апталық оқу ауысымында физика пәнінен сабақ берді. 2012 жылы Алматы қаласы «Ғылым» баспасынан шыққан «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» тақырыбындағы ҚР Білім беру жүйесінің үздік қызметкерлері енгізілген жинаққа шықты. 2013-2014 оқу жылында КИО республикалық қашықтық интернет олимпидасында қала, аудан көлемінде физика пәні бойынша ең жақсы нәтиже көрсетті.
Шәкірттері О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған РФМШ ұйымдастыруымен өткен «ФизМат» республикалық конкурсының жеңімпаздары.