Молдагазина Гулмира Шамильевна

123 место в рейтинге
  • Общий бал: 3,67
  • /
  • Проголосовало: 3

Жетістіктері

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясы

«Астана –Тәуелсіз Қазақстанның айғағы» тақырыбында география пәні мұғалімдерінің арасындағы аудандық педагогикалық олимпида І орын алды. «Әдістемелік фестиваль» атты география пәні мұғалімдері арасында панорамалық сабақтар байқауында «Бүгінгі заман талабына сай іздемпаз мұғалім» номинациясы бойынша Дипломмен марапатталды, Ақтөбе, 2015 жыл. Облыстық педагогикалық олимпиадада география пәні бойынша қазіргі білім үрдісіндегі педагогикалық шеберлігін және кәсіби әдістемелік біліктілігін көрсеткені үшін ІІІ дәрежелі Диплом берілді, «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТҚББО Ақтөбе-2016 ж.; Облыстық білім беру саласында жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде кәсіби шығармашылығы мен белсенділігін көрсетіп, өзінің іс-тәжірибесін бөліскені үшін Алғыс хатпен марапатталды, Ақтөбе, 2016 жыл. «Жаңартылған мазмұн жағдайындағы инновациялық тәсілдер» атты облыстық семинарда «Заманауи сабақтар жобалау әдістемесі» тақырыбында шебер –класс көрсеткені үшін Алғыс хат, «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе обл. филиалы 2017 жыл. Астананың 20 жылдығы аясында «Астана –Тәуелсіз Қазақстанның айғағы» тақырыбында география пәні мұғалімдерінің арасындағы облыстық педагогикалық олимпидаға қатынасып, ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды, 2018 жыл. География пәні мұғалімдерінің Республикалық қашықтық олимиадасының жеңімпазы, Астана 2016 жыл. География пәнінен қашықтықтан өткізілген Халықаралық олимпиадаға қатысушы оқушысымен нәтижелі жұмыс жүргізгені үшін «Platon» Халықаралық білім дамыту орталығы алғыс хатымен марапатталды.