Мусаханова Айгуль Умирзаковна

1758 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Қарағанды қаласы «Алтын сақа» бөбекжайы

Еңбек өтілі 14 жыл. ІІ санатты педагог

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен педогогтарына арналған қашықтықтан өткізілген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Балабақша балғындардың бақыты» байқауының жүлдегері, 2018 жыл. «Жануарлар әлемі», «16-желтоқсан Тәуелсіздік күні», «Сиқырлы жаңа жыл» атты республикалық шығармашылық байқауына қатысушылар дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды, 2017 жыл. «Мектепке дейінгі білім берудің заманауи жүйесі: тәжірибесі, қазіргі жағдайда, мәселелері және даму бағыттары» атты II Халықаралық ғылыми -практикалық конференцияға қатысқаны үшін сертификат, 2016 ж.; Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері мен қазақ тілі оқытушылары арасында ұйымдастырылған I облыстық «Үздік презентация сабақ» байқауына қатысқаны үшін Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының алғыс хатымен марапатталды. «Зерде» дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында өткізілген «Зияткерлік ойындар» шығармашылық зияткерлік байқауының «Алғыс хаты»; Аймақтық ашық «әдістемелік вернисаж» педагогикалық жұмыстар фестивалінің Сертификаты берілді. Публикациялары республикалық, халықаралық интернет басылымдарға жарияланып, сертификаттар алды. Республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысып, баяндама жасады. Оқушылары республикалық, халықаралық деңгейдегі шығармашылық байқаулар мен олимпиадаларға қатысып, жүлдегер атанды.