Муханова Ляззат Сейсембаевна

421 место в рейтинге
  • Общий бал: 3
  • /
  • Проголосовало: 2

Жетістіктері

Алматы қаласы, Бостандық ауданы О. Жандосов атындағы №105 гимназия
Еңбек өтілі 23 жыл. Жоғарғы санатты педагог
Аймақтық Менеджмент Академиясы Төралқасының 2015 жыл тамыздағы шешімімен (№8 хаттама) «Гуманитарлық ғылымдардың дамуына қосқан үлесі үшін» А. Маслоу атындағы Алтын медальмен марапатталды. Алматы қаласы әкімінің сыйақы иегері, 2015 жыл; Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері мен Алматы қаласының білім жүйесіне қосқан қалтқысыз шығармашылық еңбегі үшін Алматы қаласы Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын 11 жылдық жалпы білім беретін мектептің 1-11 сыныптарына арналған «Көкжиек-Горизонт» баспасының «Қазақ тілі» пәнінің деңгейлік оқулықтары мен оқу әдістемелік кешендерін апробациядан өткізуге белсене қатысқаны үшін, «Көкжиек-Горизонт» баспасының Мадақтамасы, 2016ж;
Қазақ тілі пәнінен аудандық олимпиадада әділқазы мүшесі қызметін атқарған. Қалалық семинарда «Театрға саяхат. Қазақ қуыршақ театры. Туынды сын есім» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Қалалық семинарда ««Как применение диалогического обучения влияет на развитие практических навыков современного школьника при использовании интерактивных методик» тақырыбында коучинг өткізді. 2012 жылы 15 ақпанда «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми – әдістемелік орталығы» КММ – да 8 – сыныпқа арналған «Бірінші байлық – денсаулық. Сөйлем мүшелері» тақырыбында онлайн – режимде интерактивтік ашық сабақ өткізді. 2012 жылы Қазақстан Республикасы педагогтарын деңгейлік оқыту бағдарламасы негізінде ІІ (негізгі) деңгейлі курсын бітірты. Қалалық семинарда «Қазақ әдебиетін оқытудағы жаңа технологияларды қолдану» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтады. Публикациялары республикалық, халықаралық интернет басылымдарға жарияланып, сертификаттар алды. Республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысып, баяндама жасады. Оқушылары республикалық, халықаралық деңгейдегі шығармашылық байқаулар мен олимпиадаларға қатысып, жүлдегер атанды.