Нүсіпжанова Айжан
Жетістіктері
Алматы қаласы №104 жалпы білім беретін мектеп
«ХХІ ғасырдағы бастауыш сыныптардағы білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдері» әдістемелік көмекші құралының авторы. Әуезов аудандық білім бөлімінің мадақтамасы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына белсене қатысқаны үшін сертификат. «Балалар Интеллектуалдық Клубы» жобасы бойынша математика пәнінен (Ілгері деңгей) Халықаралық Монопәндік Супер жарысына оқушыларды (І орын) дайындағаны үшін Алғыс хат. «Нұрлы Жастар-болашаққа жол бастар» Республикалық көркем сөз, ән-би байқауында өнер көрсетіп, ІІ,ІІІ дәрежелі лауреат атанған шәкіртерді тәрбиелегені үшін Алғыс хат. Ресей Федерациясы. Халықаралық «Безопасный мир» байқауының «Кругозор» жобасына қатысып, І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталған, білімді де жан-жақты шәкірттерді дайындағаны үшін Алғыс хат және оны растайтын Куәлік берілді. Edulife.kz ұстаздарға арналған әдістемелік сайтына «Қыз өссе-елдің көркі» бағдарламасы бойынша материалын жариялағаны үшін сертификат берілді. Астана қаласы. Edulife.kz ұстаздарға арналған әдістемелік сайтына «Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушы тұлғасын дамыту» тақырыбындағы материалы жарияланғаны үшін сертификат берілді. Bilimdiler.KZ Білімділер порталына бірнеше мақала жариялағаны үшін бірнеше Алғыс хаттар мен сертификаттар берілді. Қазақстан Республикасы бойынша білім беру мекемелерінің қатысушылары арасында ұйымдастырылған республикалық олимпиадаларының жүлдегерлерін даярлағаны үшін бірнеше Алғыс хаттары берілді. NIO.kz Ұлттық интернет олимпиадаларының жүлдегерлерін даярлағаны үшін Алғыс хаттар берілді. Шәкірттері бірнеше қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары.