Рустемова Галия Амирхановна
Жетістіктері
Алматы қаласы, Алатау ауданы №178 лицей
Еңбек өтілі 5 жыл. II санатты педагог
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының «Үздік қазақ тілді интернет сайты» аталымының жеңімпазы Martebe.kz республикалық білім сайтында ұйымдастырылған I Республикалық «Жас маман» байқауында ІІІ орын алып, «Үздік жас маман» төсбелгісімен марапатталды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай белгілі түрколог ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбіжан Құрышжанұлының оқулары аясында ұйымдастырылып отырған «Түркітану және жастар: Қазақстанның тұрақты дамуы мен зияткерлік ұмтылыс жолында» атты студенттер мен магистранттардың конференциясында жоғары деңгейде ғылыми баяндама жасағаны үшін» марапатталды. Түркология әлемінің мәселелері атты 72 академиялық сағаттық білім методикалық семинарын жақсы нәтижемен тәмамдаған. Польша мемлекеті Ольштын қаласында, Варминско-Мазур университетінде ACADEMIC EDUCATION IN RELATION TO THE CIVILIZATIONAL CHANGES атты тақырыпта (70 академиялық сағат) ғылыми тағлымнамадан өтті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 100 академиялық сағат көлемінде мектепішілік курсын аяқтады. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Орыс тілі» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 160 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын жақсы тәмамдады. Республикалық, Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысып, баяндама жасады.