Сулейменова Бакыт Уалхановна
- Еңбек өтілі: 1 жыл
Жетістіктері
Алматы облысы Іле ауданы № 14 орта мектеп
Еңбек өтілі 35 жыл. Жоғары санатты педагог
Қоғамдық марапаттар мен атақтар жөніндегі Республикалық Кеңестің «Білім беру саласының үздігі» құрметті атағымен марапатталды. 2016-2017 жылы «Жарқын болашақ» олимпиадасына оқушы дайындағаны үшін – Мақтау қағазы; Дарынды оқушылардың нәтижелі де сапалы жетістіктерге жетуіне жетекшілік еткені үшін – Мақтау қағазы; Аудандық пән олимпиадасына оқушы дайындағаны үшін – Мақтау қағазы; Аудандық білім бөлімі. 2017-2018 оқу жылы Тәуелсіз Қазақстанның білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, біліктілік танытқаны үшін – Құрмет грамотасы; Іле аудандық әкімдігі. 2016-2017 оқу жылы облыстық семинарда «7 модульді ықпалдастыра оқыту» шебер сынып бергені үшін – Грамота; «Өрлеу»БАҰО АҚ. 2017-2018 оқу жылы «Заманауи әдіс – тәсілдерді қазақ тілі мен әдебиет пәндеріне енгізу жолдары» тақырыбындағы облыстық семинарға белсене қатысып, тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс хат; 2015-2016 оқу жылы Ж.Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына орай Республикалық «Өрлеу» білім-ғылым технология порталының ұйымдастыруымен «Ой жырым,қызыл тілім, сенің арқаң!» атты шығармашылық сайысына қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2017-2018 оқу жылы «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерін балалар арасындағы байқауына сіңірген еңбегі үшін – Алғыс хат, Алматы. «Кіші Отанның мәдени және рухани дамуы» атты республикалық семинар – практикумға қатысып, озық іс – тәжірибесімен бөліскені үшін Грамота; ІІ Республикалық «Қара өлеңнің құлагері» атты байқауға поэзияға жаны құштар оқушы жастарды дайындап,қатыстырғаны үшін Алғыс хат; Қазақстандық Ресейлік мұғалімдер қауымдастығы және «Алые Паруса» Халықаралық балалар орталығы бірлескен жобасының ХХХІІІ Халықаралық қашықтық олимпиадасына қазақ тілі пәнінен жеңімпаздар дайындағаны үшін Дипломмен марапатталды.