Таңмамбетова Шара Сұлтанқызы
Жетістіктері
Алматы қаласы, Әуезов ауданы №104 мектеп
Еңбек өтілі 27 жыл. Жоғары санатты педагог
2015 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» атты куәлік пен төс белгі иегері. 2015 жылы «Дінтану негіздер» сабақтарында ҚР-ның конфессиялық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру тақырыбында «Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы қаласы бойынша білікті арттыру курсынан өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінің деканы профессор Ж.Қ.Таймағанбетовтен алғыс хат; Алматы қаласы, Әуезов аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталды. «ДИК» халықаралық олимпиада» «Қазақстан тарихы» пәні бойынша қашықтық монопәндік жарысқа оқушыларды дайындағаны үшін алғыс хат; Ә.Бөкейханның 150 жылдығына орай «Алаш қозғалысы: тарихы мен тағылымы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға жоғары деңгейде мақала жазғаны үшін мадақтама; ҚР-ның аудандық топтық сайыста «Мәңгілік ел жастары» тобы 1-орын иеленгені үшін мадақтама; «НИО» республикалық олимпиада» «Қазақстан тарихы» пәні бойынша қашықтық монопәндік жарысқа оқушыларды дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. «Қазақстан» ҰТА, «Айтуға оңай..» қоғамдық-әлеуметтік бағдарламасынан, «Қазақстан» РТРК АҚ Алматыдағы филиалының жоба продюсері Д.Қызайбекұлынан алғыс хат алды; «Қоғамдық пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін сертификат берілді. Шәкірттері «Қазақстан тарихы» пәні бойынша қалалық олимпиаданың, республикалық онлайн олимпиадалардың және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Әл-фараби» олимпиадасының жүлдегерлері.