Тулендиева Назым Сайлаубековна

1974 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы Максим Горький орта мектебі
Еңбек өтілі 12 жыл. I санатты педагог
2013 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады. 2013 жылы Тараз қаласында өткізілген «Өрлеу»-біліктілік кепілі» Best Practice конференциясына қатысып, сертификатпен марапатталды. 2013 жылы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға, ауданның білім саласының дамуына қосқа қомақты үлесі және қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін «Нұр Отан» ХДП Т.Рысқұлов аудандық филиалының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2014 жылы Республикалық қашықтық олимпиадасына Дүниежүзі тарихы пәнінен қатысып үздік нәтижелі сертификат алды. 2015 жылы аудандық «Үздік тарих пәні мұғалімі» байқауында жүлделі ІІІ орын иеленді. 2016 жылы Жамбыл облысы мектеп бітірушілері арасындағы дарынды оқушыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған облыстық интеллектуалдық «Жас талап» телеойынына оқушы қатыстырып, жетекшілік еткені үшін алғыс хатпен марапатталды. 2016 жылы Республикалық қашықтық олимпиадасына дүниежүзі тарихы пәнінен қатысып үздік нәтиже көрсетіп, сертификат иеленді. 2016 жылы Республикалық «Мектеп мерейі» байқауында белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2016 жылы IV Республикалық мұғалімдер арасында өткізілген олимпиадаға қашықтықтан қатысып ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай дарынды шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2017 жылы Республикалық қазақ ұстазы журналына «Қазақстандағы 1867-1868 жж Реформалар» тақырыбында сабағы жарыққа шықты.