Турысбекова Шынар Кенесовна
Жетістіктері
Жамбыл облысы, Шу қаласы «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы
Еңбек өтілі 26 жыл. Жоғары санатты педагог
2015 жылы Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Қазақ халық ертегілерінің ең үздік қойылымы» атты облыстық байқаудың ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. 2015 жылы RWCT стандартының талаптарын орындау негізінде Қазақстан Оқу Ассоциациясының «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасының мұғалімі сертификатын иеленді.2015 жылы Республикалық «Балабақша: тәрбиелеу және оқыту» журналының қаңтар айының №1 (11 саны) «Баланың тілін дамыту» тақырыбында «Мемлекеттік тілді дамыту» сабағы жарияланды. 2016 жылы «Наурыз-Жыл басы» тақырыбындағы Республикалық байқаудың «Балабақша тәрбиешілеріне арналған ертеңгіліктің үздік сценариі» номинациясы бойынша қатысқаны туралы сертификат берілді. 2016 жылы Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Ханталапай» интеллектуалдық байқаудың І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2016 жылы мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы «Ханталапай» интеллектуалдық республикалық байқауы «Ең үздік бейнематериал» номинациясы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2016 жылы мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы «Ханталапай» интеллектуалдық республикалық байқауы «Ең үздік фотоколлаж» номинациясы ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.