Акилбаева Калима Сраиловна
Жетістіктері
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектеп
Еңбек өтілі 32 жыл. Жоғары санатты педагог.
2017 жылы биология пәні бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, сертификат иеленді. Осы жылы биология пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасына оқушылары да қатысып, сертификат иеленді. 2014 жылы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің үздік қызметкері ретінде «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» жинағына еңбектері енгізілді. 2016 жылы республикалық «Астана. Мақсат. Қазақ ұстазы» журналы ұйымдастырған «Тәуелсіздіктану» байқауына қатысқаны үшін дипломмен марапатталып, «Тәуелсіздікке 25 жыл» медалінің иегері атанды. 2015 жылы халықаралық Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Жас ғалым-2015» атты V ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, ұсынған баяндамасының жаңашылдығы, жоғары деңгейлігі мен мазмұндылығы үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды. «Ғылым және өмір» атты ғылыми – практикалық конференциясының жинағын ұйымдастыруға белсене атсалысқаны және білім саласындағы мол еңбектері үшін Алғыс хат иеленді. «Жас Ғалым-2015» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып ұсынған баяндамасының жаңашылдығы, жоғары деңгейлігі мен мазмұндылығы үшін 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. 2016 жылы халықаралық Жамбыл Жабаевтың туылғанына 170 жыл толуына арналған «Жасампаз халық жыршысы» атты ғылыми – практикалық конференциясына белсене қатысқаны және ұсынған баяндамасының мазмұндылығы үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды. «Ғылым және өмір» атты ғылыми – практикалық конференциясының жинағына мақаласы жарияланып, сертификат иеленді. Осы жылы «Мұғалім» республикалық ғылыми – әдістемелік журналының №5 санында «Қан жасушалары» тақырыбындағы сабақ жоспары «Менің тәжірибем» айдары бойынша жарық көрді. Республикалық «Мектеп мерейі» байқауында белсенділік танытқаны үшін Алғыс хат иеленді.