Әмірова Гүлнар Өсербайқызы

2 место в рейтинге
  • Общий бал: 5
  • /
  • Проголосовало: 2

Жетістіктері

Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжінің студенті

2013 жылы «Сәлем, Астана» республикалық фестиваль-конкурсының дәстүрлі ән номинациясының I орын жүлдегері атанды.2013 жылы «Ұлыстың ұлы күніне» орай өткізілген «Көктем аруы» атты қыз сынында «КӨРКЕМ АРУ» номинациясы бойынша «Алғыс хат» алды.«Бүгін менің туған күнім...» атты қалалық Мұқағали оқуларында «Әнді сүйсең менше сүй» номинациясы бойынша бас жүлдені алды. Ұлттық дельфийлік ойындар бағдарламасы бойынша 8-ші қалалық «Шаттық-2014» байқауы, халық әні номинациясы бойынша қола медаль алды.Рабиға Есімжанқызының 100 жылдығына арналған Музыка және өнер мектептерінің арасында қалалық «шырқа даусым» дәстүрлі ән байқауының І орын жүлдегері. «Экскурсия жүргізушісі» атағы, «үздік гид-экскурсовод-2014» конкурсының сертификат иегері. «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің мадақтамасын алды. «ЖАС ТАЛАНТ-2014» номинациясы бойынша, 2013-2014 оқу жылындағы ерекше жетістігі үшін сертификат алды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың 2(аудандық) кезеңінің құқық пәнінің жүлдегері. «Отаным - деп, шырқаймын» патриоттық әндердің ХI қалалық фестиваль-байқауы, эстрадалық вокал номинациясының ІІІ дәрежелі диплом иегері. «Айналайын» балалар хорының 15 жылдық мерейтойына арналған «ӘНІМ СЕНСІҢ, АСТАНА» атты шығармашылық кешке белсене араласты.