Ғалымжан Асылай Асқарқызы

205 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Астана қаласы
№60 мектеп-лицейінің 2-сынып оқушысы

1-сыныпта озат оқығаны және үлгілі тәртібі үшін мақтау қағазымен марапатталды. «ADVANCE» зияткерлік дамыту орталығында «DISCOVERY» бағдарламасы бойынша білім алды. Мұнда өзінің жан-жақтылығымен ерекшеленіп, мәтінді шапшаң оқуда, ақпаратты игеруде, креативті шешім қабылдауда да жоғары әлеуетін танытты. Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Танцевальный фейерверк» халықаралық би чемпионатында І орын жүлдесімен марапатталды. Балалар, жасөспірімдер мен ересектер арасында өткізілген «Жаңа жылдық карнавал» ІV халықаралық байқауында І орынға ие болды. «Живи танцуя» І-халықаралық би чемпионатында ІІІ орынға ие болды. «Әлем өнері» халықаралық би өнері фестивалінде жүлделі І орын иегірі. «Шаттық-2018» қалалық байқауының қола жүлдегері. «Ғылыми әлеует» атты республикалық оқушылардың ғылыми жұмыстар сайысында ІІ орынға ие болды. М.Мақатаев оқуларының қатысушысы. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Жақсы сөзім – жаны игі халқым үшін» тақырыбында эссе жазып, дипломмен марапатталды.