Падиша Адема Маратқызы
Жетістіктері
Қазақ Ұлттық өнер университетінің дарынды балаларға арналаған мектебінің 4-сынып оқушысы
Мамандығы: домбырашы
Н.А.Оразахынованың "Сатылай кешенді оқыту" технологиясы бойынша өткізілген "Тілім менің- тірлігімнің айғағы" атты республикалық ауызша командалық олимпиадасының жеңімпазы. Видеоурок сайтында өткен «Дистанциондық Халықаралық математикадан, дүниетанудан, ЖЖЕ олимпиадаға» қатысып І,ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Eurasia Piano Forum ІІІ Халықаралық Конкурсының "Бас Жүлде" жеңімпазы; ХІІ- Халықаралық "Астана-Мерей" "Домбыра" номинациясы бойынша І дәрежелі дипломның иегері; Eurasia Piano Forum ІІ Халықаралық Конкурсының І дәрежелі дипломның иегері; Адема сабырлы, мейірімі мол, сыныптастарының арасында беделі бар оқушы. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Тұйық көрінгенімен өз көзқарасын көрсеткенде ашық жарқын мінезді байсалды жан. Білімнің қай саласында болмасын қызығып зерттеу оның қазіргі технологияларға сай көрінуін дәлелдеп көрсетуге бағытталған ойлау қабілеті жоғары жан-жақтылығымен ерекшеленеді.