Ахметова Назигул Шайхатовна
Жетістіктері
Қарағанды қаласы әкімдігінің «№1 гимназия» КММ
Еңбек өтілі 31 жыл. Жоғары санатты педагог
2013 жылы әдістемелік мақала әзірлеп республикалық деңгейдегі «Жастар және қазіргі замандағы әлемдік мәселелер» республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары жинағына мақаласы жарияланды. 2014 жылы «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары мақаласы жарияланды. KATEV Халықаралық қорының ұйымдастыруымен өткізілетін облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасының қалалық кезеңінде оқушыларды өте жақсы дайындағаны үшін грамотамен марапатталды. «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына белсене қатысқаны үшін сертификат берілді. Қарағанды облыстық Білім басқармасының Облыстық «Әдістемелік вернисаж» педогогикалық жұмыстар фестивалі «Үздік презентация» байқауының «Педагогикалық қоржын» номинациясы бойынша 1-орын иеленген үшін Дипломмен марапатталды. Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасы ұйымдастырған қазақ тілі пәні бойынша «Тіл білгірі» олимпиадасына оқушысын шығармашылыққа баулығаны үшін марапатталды. 2016, 2017 жылдары қазақ тілінен «Зият» II және ІІІ жалпықазақстандық қашықтық олимпиадасының грамотасымен марапатталды. 2016 жылы облыстық ғылыми-практикалық семинар материалдар жинағына «Есімдік», «Қазақстан рәміздері» және «Сөз таптары», «Көшеде» атты сабақтары жарияланды. 2017 жылы «Мемлекеттік тілді коммуникативтік бағытта оқытудың ерекшелігі» атты облыстық семинар-тренингке қатысқаны үшін Сертификат берілді. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Жиынтық бағалау: жоспарлау, ұйымдастыру, өткізу» семинарына қатысқаны үшін куәлік берілді. Шәкірттері халықаралық, республикалық жарыстар мен пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобаларда топ жарып, жүлделі орындарға ие болып жүр.